Сансызбаева С. Қ. 1995 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ді «филолог, ұлттық мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша үздік тамамдады. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Жалпы жұмыс өтілі-28 жыл. Сансызбаева С.К. - 90 – нан астам ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде Скопус деректер базасында индекстелген (Хирш индексі-2), 3 оқу құралы, қазақша-орысша сөздік. www.open.kaznu.kz платформада «Оқу-кәсіби саласындағы қарым-қатынастағы орыс тілі» ЖАОК-тың авторы (2022 ж.); КАЗПРЯЛ атқару комитетінің басшысы; докторантураның «8D01704 Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының үйлестірушісі және әзірлеушісі; «017 тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау» бағыты бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлау бағыты бойынша академиялық комитеттің мүшесі; РУМС мүшесі («Филология» кіші бөлімі); Халықаралық білім беру жөніндегі американдық кеңестердің «Флагман» бағдарламасы студенттерін жеке оқыту бойынша үйлестірушісі, «Флагман» бағдарламасының «Академиялық жазу» және «Ғылыми презентация» пәндерінің оқытушысы; 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Брин-Мар университетінің Орыс тілі Институтының шақырылған оқытушысы (Пенсильвания, АҚШ); орыс тілі бойынша олимпиадалардың және «Дарын», «Зерде» мектептік ғылыми жобалар байқауының, сондай-ақ 11 сынып оқушылары арасында «Жеті елдің тілі біл» қалалық байқауының, ҰҚК академиясы студенттерінің тіл Олимпиадасының төрайымы және қазылар алқасының мүшесі; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жаңа білім беру технологиялары институтының семинарлары шеңберінде магистранттар мен докторанттарға арналған шеберлік сыныптары мен ашық дәрістердің жүргізушісі; «Лингвоарна» бірлестігінің біліктілігін арттыру курстарындағы өңірлік жоғары оқу орындарының оқытушылары мен Алматы қаласы мектептері мен гимназияларының тіл секцияларының мұғалімдеріне дәріс беруші. Scopus дерекқорында жарияланған мақалалар (Хирш индексі - 2): 1. Axiological characteristics of ethnocultural realities in cross-cultural communication. // Voprosy Kognitivnoy Lingvistiki. 2017. - № 3, Р. 142-147. 2. The tendency of word usage in the modern Russian and Kazakhstan media // XLinguae. 2018. - Vol. 11. Issue 2. - P. 686-702. 3. Kazakhstan Realities in the Perception of Representatives of American Ethnolinguoculture . - Space and Culture, India, Vol 6, No 3 (2018). - P.71-81
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1995 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
26.02.2001 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
18.03.2008 |
3
құжаттар
2